Тарих факультетінде 39 түлекке қызыл диплом табысталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде ерекше күн өтті. Оқуда жоғары нәтижеге жеткен 39 түлекке үздік диплом табысталды. Салтанатты шараның ашылуында ҚазҰУ-дың тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректоры м.а. Жұлдыз Есімова ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың атынан құттықтау хатын оқыды.
Осыдан кейін тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Досбол Байқонақов құттықтау сөз сөйлеп, зерттеу жұмыстарына атсалысқан және үздік нәтижелер көрсеткен түлектерге алғыс білдірді. Декан оларға сәттілік пен кәсіби жетістіктер тіледі.
Студент жастары атынан 2024-2025 оқу жылының студенттік деканы, «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламасының түлегі Назерке Берікқызы сөз сөйледі.
Ата-аналар атынан факультет түлегі Марал Адилеттің анасы Ұлдай Жаппарова сөз алып, барлық оқытушылар мен университет басшылығына адал еңбегі мен жастарға берген терең білімдері үшін алғысын жеткізді.
Осыдан кейін сахнаға тарих ғылымдарының докторы, профессор Рысгелды Мырзабеков және белгілі профессор Қалыш Аманжол шығып, жас мамандарға «Археология», «Этнология және антропология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша дипломдар табыс етті.
Шара барысында «Археология, этнология және музейтану» кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаев студенттердің белсенді қатысуына ерекше алғыс білдіріп, факультеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қосқан үлесін атап өтті. Алғыс хаттар 10 түлекке табысталды.
Жалпы алғанда, факультет бойынша120 түлекке диплом берілді: оның ішінде 71 - бакалавр, 49 - магистрат, 17 - докторант. Олардың арасында шетелдік студенттер де бар: Өзбекстаннан бір бакалавр, Ресей Федерациясынан бір магистрант және Танзаниядан бір докторант бар.
Барша түлектерді құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
