IV Халықаралық құқықтық форумFarabi University

IV Халықаралық құқықтық форум

4 шілде, 2025

2025 жылғы 4–6 шілде аралығында Бішкек қаласында және Ыстықкөл жағалауында құқық саласындағы өзекті үрдістерді талқылауға арналған кәсіби алаңға айналған IV Халықаралық құқықтық форум өтіп жатыр.

Форумға қатысушылардың бірі — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң клиникасын таныстырып отырған Умбетов Мадияр. Оның қатысуы университеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамытудағы және цифрландыру жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды даярлаудағы маңызды рөлін айқын көрсетеді.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы — «Цифрландыру: заң тәжірибесі мен заң біліміндегі үрдістер мен жаңа сын-қатерлер».