Химия және химиялық технология факультетінің магистранттарына диплом табысталдыFarabi University

Химия және химиялық технология факультетінің магистранттарына диплом табысталды

7 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «Жолың болсын, жас маман!» атты магистратура түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Іс-шараға түлектер, ата-аналар және қонақтар қатысты.

Маңызды шарада қатысушыларды университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Галеева ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың атынан түлектерді құттықтады. Ол жоғары білім дипломын алу – бұл тек білім мен жетістіктердің бағалануы ғана емес, әрбір түлектің өмірінде маңызды кезең екенін атап өтті. «Соңғы екі жыл бойы әр магистрант білім алып, тәжірибе жинақтады. Бұл ғылыми ізденістер, интеллектуалдық еңбек және білім мен зерттеулерге жұмсалған үлкен күш-жігердің нәтижесі», – деді проректор А.Галеева.

Содан кейін сахнаға оқуын сәтті аяқтаған химия және химиялық технология факультетінің магистр түлектері шақырылды. Олардың арасында тек Қазақстаннан емес, сонымен қатар ғылыми даярлығын ҚазҰУ-да жүзеге асырған шетелдік магистранттар да болды.

Химия және химиялық технология факультетінің деканы түлектерді құттықтап, оларға үлкен жетістіктер мен мақсаттарына жетуді тіледі. Факультеттің магистрант түлектеріне жалпы 90 диплом табыс етілді.

Сонымен қатар диплом табыс ету рәсімінде факультет оқытушылары сөз сөйлеп, түлектерді ғылыми жұмыспен белсенді айналысуға, білім алуды жалғастыруға және кәсіби ортада өздерін сынап көруге шақырды.

Барлық түлектерді құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі