ҚазҰУ бос лауазымдарға конкурс жариялайдыFarabi University

ҚазҰУ бос лауазымдарға конкурс жариялайды

2 шілде, 2025

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Ректорат ғимараты, 13-09 кабинет, телефон: +7 701-801-86-88.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. экономика және қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы және несие салаларында жоғары кәсіби білім, қосымша ақпараттық технологиялар, және/немесе техникалық сала, және/немесе заңтану саласында жоғары білімі;
  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;
  3. басшылық лауазымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
  4. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша білу;
  5. халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Ішкі аудиторлар институты (The Institute of International Auditors Inc) әзірлеген халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) білу;
  6. қосымша арнайы дайындықтан өту, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігі, және/немесе СIА (Certified International Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификат, және/немесе АССА (Association of Certified Chartered Accountants) сертификатталған бухгалтер сертификаты, және/немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, және/немесе СIРА (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты, және/немесе DipPIA (Diploma in Professional Internal Auditor) дипломы;
  7. мемлекеттік және шетел тілдерін білу.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. конкурсқа қатысушының 3x4 өлшемдегі түрлі-түсті фотосуреті бар белгіленген нысандағы түйіндемесі;
  4. білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынумен;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, қазіргі немесе соңғы жұмыс орнындағы кадр бөлімімен куәландырылған;
  6. Мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды тапсыру күнінен бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  7. Мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды тапсыру күнінен бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, лауазымды атқаруға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.