ҚазҰУ жазғы мектебінің сегізінші күні: Жел энергетикасы және жасыл кеңістіктер

2025 жылғы 3 шілдеде «Protect Environment – 2025» халықаралық жазғы мектебі аясында сегізінші оқу күні өтті. Бұл күн жаңартылатын энергия көздерінің экологияға әсері мен қалалық жасыл инфрақұрылымды дамыту тақырыптарына арналды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының докторанттары қатысушыларға дәрістер оқыды.
Мерей Мурсал «Жел электр станцияларының қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсері» тақырыбында екі дәріс өткізді. Сабақ барысында жел энергиясын қолданудың экологиялық және әлеуметтік салдары, ландшафттың өзгеруі, биоәртүрлілікке әсері, шу деңгейі және халықтың қабылдауы мәселелері талқыланды.
Күннің екінші жартысында докторант Карлыгаш Жуман «Қалалық жасыл кеңістіктер: маңызы, дамуы және заманауи үрдістері» тақырыбында дәріс оқыды. Ол жасыл аймақтарды дамытудағы халықаралық тәжірибелер мен олардың климатқа, тұрғындар денсаулығына және қалалардың тұрақты дамуына әсерін баяндады.
Күн қорытындысы мазмұнды пікірталастармен және тәжірибелік бағыттағы сабақтармен ерекшеленіп, тыңдаушылардың экологиялық ойлау қабілетін дамытуға және елдер арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

