НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!Farabi University

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

9 шілде, 2025

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Соңғы уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті.

Бүгінгі таңда кең тараған алаяқтық түрлері:

  • «Қаржылық директор ақша аударуды сұрайды».
  • Телефон арқылы міндетті растау.
  • Басшының жалған Telegram/WhatsApp-аккаунты.
  • Аудио қоңырау арқылы тексеру.
  • Мемлекеттік органдардан немесе серіктестерден жалған хаттар.
  • Сілтемеге өтпестен бұрын, мекенжайдың дұрыстығын тексеру қажет.

 

Сонымен қатар алаяқтар пайдаланатын тәсілдер:

  • Фишинг: «банктердің», «басшылардың», «мемлекеттік органдардың» хаттары, SMS-тері, қоңыраулары.
  • Әлеуметтік инженерия: жеке деректерге қол жеткізу немесе ақша аудару үшін алдау.
  • Зиянды тіркемелер, жалған сайттар, жалған мессенджер аккаунттары.

 

Өтінеміз, сақ болыңыздар!

  • Растаусыз телефон/хат арқылы ешқашан ақша аудармаңыздар.
  • Барлық қаржылық операциялар тек мақұлданған арналар арқылы жүргізіледі.
  • Бейтаныс адамдардан келген файлдарды ашпаңыздар.
  • Хаттар мен қоңыраулардың шынайылығын тексеріңіздер (әсіресе «басшылардан» келген, тікелей хабарласыңыздар).
  • Кәсіпорынның электронды поштасы мен қауіпсіз мессенджерлерін пайдаланыңыздар.
  • Жеке электронды пошта мен мессенджерлерді қызметтік мақсаттарда қолдануға тыйым салыңыздар.

         

Техникалық қорғаныс тәсілдерін орнатыңыздар:

  • Антивирус, антифишингке қарсы бағдарламалар, пошта сүзгілері.
  • Екі факторлы аутентификацияны  (2FA) пайдаланыңыз.
  • Қашықтан қолжетімді VPN.
  • Күдікті IP/ сайттарды бұғаттау.

Назар аударыңыздар, құрметті әріптестер!

Егер сіз телефон арқылы алаяқтардың арбауына тап болсаңыз, бұл жағдай туралы дереу университет әкімшілігіне немесе заңгерлік қызметке хабарлауыңызды сұраймыз.

Бейтаныс нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіздер!

Бөгде адамдарға сенбеңіздер, әр ақпаратты мұқият тексеріңіздер!

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі