Білім керуенінің алғашқы аялдамасы – Ақсай қаласы

2025 жылдың шілде айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты бастамасымен «Білім керуені» жобасы өз сапарын бастады. Алғашқы аялдама — Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы болды.
Жоба аясында қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары басталып, алғашқы тыңдаушылар қабылданды. Курстың мақсаты — жергілікті тұрғындарға тіл меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктер ашу, білімге қолжетімділікті арттыру.
Кездесу барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дүйсенов Аңсар Есіркепұлы курстың маңыздылығына тоқталып, осындай бастамалар жергілікті қауымдастыққа серпін беретінін атап өтті.
Курс сабақтарын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білікті оқытушылары жүргізуде. Қатысушылар еркін әрі қолжетімді форматтағы тілдік оқытуға жоғары қызығушылық білдірді. Алдағы апталарда жоба ауыл-аймақтарда жалғасады.
Басқа жаңалықтар


