Білім керуенінің келесі аялдамасы – Бөрлі ауылыFarabi University

Білім керуенінің келесі аялдамасы – Бөрлі ауылы

8 шілде, 2025

Ақсай қаласындағы алғашқы сәтті кездесуден кейін «Білім керуені» жобасы өз сапарын Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында жалғастырды.

Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курсы ауыл тұрғындары үшін қолжетімді форматта ұйымдастырылды. Сабақтарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары білікті оқытушылары жүргізіп жатыр. Курстың мазмұны күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық лексика мен сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Қатысушылар қатарында ауыл әкімдігі қызметкерлері, мәдениет үйі өкілдері, мұғалімдер мен белсенді тұрғындар бар. Олар жаңа білім алуға ерекше ынтамен келіп, тіл үйренуге үлкен қызығушылық танытты.

Бөрлі ауылындағы сабақтар жылы атмосферада, екіжақты диалог негізінде өтіп жатыр. Бұл бағыт ауыл тұрғындарының тілдік қабілетін арттырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін де нығайтып отыр.