Ақсай қаласы №3 мектепте практикалық сабақ өтті
11 шілде, 2025

«Білім керуені» жобасы аясында Ақсай қаласындағы №3 мектепте кезекті практикалық семинар сабағы өтті. Семинар тыңдаушылардың тілді нақты өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курсы барысында қатысушылар диалог, топтық жұмыс және жағдаяттық тапсырмалар арқылы білімдерін тереңдетті. Бұл – білімді тек теориямен шектемей, тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне жол ашқан маңызды кезең болды.
Сабақты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білікті оқытушылары жүргізіп, қатысушылармен еркін әрі белсенді байланыс орнатты. Тыңдаушылардың қызығушылығы мен сенімділігі артқаны анық байқалды.
Басқа жаңалықтар

11 шілде, 2025

10 шілде, 2025

9 шілде, 2025