ҚазҰУ-да талапкерлер қатары көбеюдеFarabi University

ҚазҰУ-да талапкерлер қатары көбеюде

14 шілде, 2025

Бүгін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясына 1337 адам жүгінді. Олардың ішінде 1090 талапкер бакалавриат бағдарламалары бойынша кеңес алды.

14 шілдедегі көрсеткіш бойынша 616 талапкер мемлекеттік білім гранты конкурсына тіркелді. Оның ішінде:

  • 77 талапкер – «Алтын белгі» иегері,
  • 74 талапкер – үздік аттестат немесе диплом иегері.

Қабылдау науқаны басталған екі күннің ішінде ҚазҰУ қабылдау комиссиясы жалпы саны 899 өтініш қабылдады.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында талапкерлер мен ата-аналарға барлық жағдай жасалған. Кеңес беру жұмыстары күту залында, құжат қабылдау аймағында және ғимарат алдындағы шатырларда жүргізілуде. Электронды кезек жүйесі келушілер ағынын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беруде.

Құжаттарды қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Өтінішті жеке түрде де, EGOV электрондық үкімет порталы немесе виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да тапсыруға болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі