«Білім керуені» Ақсай қаласында жалғасуда
.png)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Білім керуені» жобасы өзінің Ақсай қаласындағы кезеңін сәтті жалғастыруда.
Қазақ және ағылшын тілдерін оқытуға бағытталған бұл курс жергілікті тұрғындар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Тыңдаушылар сабақтарға белсенді қатысып, тілдік дағдыларын дамытуға ниет білдіруде. Сабақтар интерактивті форматта, заманауи әдістемелер арқылы өткізіліп жатыр.
Жобаға қатысушылардан көптеген жылы пікірлер келіп түсті. Тыңдаушылар оқытушылардың кәсіби шеберлігін, оқу материалының қолжетімділігін және сабақ атмосферасының жайлылығын ерекше атап өтуде. Көпшілігі күнделікті өмірде тілді сенімді пайдалануға мүмкіндік алып жатқанын айтып, алғыс білдіруде.
Ақсайдағы курс «Білім керуені» жобасының ауыл-аймақтарда сапалы тілдік білім беру ісіндегі маңызды қадамы екенін дәлелдейді.
Басқа жаңалықтар
.png)
.png)
.png)