Тыңдаушы пікірі: “Білім мен шабыттың мекені болды”Farabi University

Тыңдаушы пікірі: “Білім мен шабыттың мекені болды”

16 шілде, 2025

«Білім керуені» аясындағы курс біз үшін тек тіл үйрену емес, өзімізге деген сенімді арттырған, ерекше тәжірибе болды. Сабақтар өте қызықты өтті. Теориямен қатар практикалық тапсырмалар да мол болды. Әсіресе, ойын түріндегі тапсырмалар, әнмен жұмыс істеу, өз ойын еркін жеткізуге арналған жаттығулар ерекше әсер қалдырды.

Ең бастысы – оқытушыларымыздың кәсіби біліктілігі мен адами қарым-қатынасы.
 Гүлсима Құрбанбекқызы — сабақты өте түсінікті, қарапайым тілмен жеткізіп, әр студентке жеке көңіл бөледі.
 Жанат Асылханқызы — қазақ тілінің ерекшеліктерін қызықты етіп түсіндіріп, әр сабақты мотивациямен бастайды.

Біз үшін бұл курс — жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан мектеп болды. Еңбегі үшін ұстаздарымызға алғысымыз шексіз!