ҚазҰУ-да қабылдау науқаны жалғасуда

16 шілде күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабылдау комиссиясына 1164 адам жүгінді. Олардың ішінде 978 талапкер бакалавриат бағдарламалары бойынша кеңес алды.
Күні бойы 544 талапкер мемлекеттік білім гранты конкурсына тіркелді.
Қабылдау науқаны басталған екі күннің ішінде ҚазҰУ қабылдау комиссиясы жалпы саны 2016 өтініш қабылдады.
«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында талапкерлер мен ата-аналарға барлық жағдай жасалған. Кеңес беру жұмыстары күту залында, құжат қабылдау аймағында және ғимарат алдындағы шатырларда жүргізілуде. Электронды кезек жүйесі келушілер ағынын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беруде.
Құжаттарды қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Өтінішті жеке түрде де, EGOV электрондық үкімет порталы немесе виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да тапсыруға болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

