
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025 жылғы қабылдау науқаны қарқынды жүріп жатыр.
17 шілде күнгі мәліметке сәйкес, қабылдау комиссиясына 906 адам жүгінген. Олардың ішінде 790 талапкер бакалавриат бағдарламалары бойынша құжат тапсырды. Бұл күні 423 талапкер мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін тіркелді.
Жалпы, қабылдау басталған бес күн ішінде университетке 2439 өтініш келіп түскен.
Қабылдау процесі Алматы қаласындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында өтуде. Мұнда талапкерлер мен ата-аналарға кеңес беру және құжат қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Кезекте көп уақыт жоғалтпау үшін электронды кезек жүйесі енгізілген. Кеңестер күту залында ғана емес, құжат қабылдау аймағы мен ғимарат алдындағы шатырларда да жүргізілуде.
Айта кетейік, құжаттарды тапсыру 20 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер өтініштерін университетке келіп, виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы немесе EGOV порталы арқылы тапсыра алады.
Университет ұжымы барлық үміткерлерге сәттілік тілейді!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
