TRT Avaz ҚазҰУ туралы деректі фильм түсірудеFarabi University

TRT Avaz ҚазҰУ туралы деректі фильм түсіруде

19 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне TRT Avaz телерадиокомпаниясының шығармашылық тобы жұмыс сапарымен келіп, «Жаңа ғасыр және Түркі әлемі» атты деректі жобаның түсірілімін бастады.

Аталған жоба 13 бөлімнен тұрады және түркі мемлекеттеріндегі технологиялық серпілістер мен ғылыми жаңалықтарды халықаралық аудиторияға таныстыруды мақсат етеді.

TRT жобасының премиум режиссері – Сонер Ажар, продюсерлері – Гүл Хатиже Жебежи, Метехан Эже.

Шығармашылық топ университет оқытушыларымен сұхбаттар жүргізіп, ғылыми жобалар және стартаптармен танысты.

Фильм Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан елдеріндегі жасанды интеллект, робототехника, ғарыш технологиялары, цифрлық инфрақұрылым секілді заманауи бағыттардағы озық жетістіктерді қамтиды.

Тележобаның бір бөлімі ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық әлеуеті, зерттеу орталықтары мен жас ғалымдарының жұмыстарына арналатын болады.

Бұл түсірілім ҚазҰУ-дың халықаралық имиджін көтеріп, Түркі әлеміндегі білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі