«Space Days Kazakhstan 2025» Халықаралық форумыFarabi University

«Space Days Kazakhstan 2025» Халықаралық форумы

25 шілде, 2025

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Space Days Kazakhstan 2025» халықаралық форумын 2025 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында (Алматы қаласы) өткізетінін хабарлайды.

Форум – ғарышты бейбіт мақсатта игеру саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жоғары технологиялар мен инновацияларды, ғылымды дамытуға, сондай-ақ аэроғарыш саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға және Қазақстанды жаһандық ғарыштық қауымдастыққа біріктіруге бағытталған халықаралық деңгейдегі бірегей алаң.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен байланысы:

Форум Президент Жолдауында айтылған адам капиталының дамуы, цифрландыру, ғылым және тұрақты экономика бағыттарын іске асырады. Университеттер, ғылыми-зерттеу институттары мен жеке сектордың қатысуы – Жаңа Қазақстанды – инновациялық, бәсекеге қабілетті және білімге негізделген мемлекетті құру жолындағы маңызды қадам.

Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі:

  1. ТДМ 4 (Сапалы білім): студенттер мен оқытушылардың ғылыми сессиялар мен воркшоптарға қатысуы арқылы;
  2. ТДМ 9 (Инфрақұрылым және инновациялар): спутник жасау, IoT және цифрлық мониторинг болашағын талқылау;
  3. ТДМ 13 (Климаттың өзгеруімен күрес): CO₂ шығарындыларын бақылау және ауылшаруашылық мониторингі үшін спутниктерді қолдану жөніндегі сессиялар;
  4. ТДМ 17 (Жаһандық әріптестік): 50-ден астам ел мен БҰҰ (КОПУОС) қатысуымен халықаралық күн тәртібін қалыптастыру.

2025 жылғы 9 қыркүйекте өтетін форум аясында келесі секциялар өтеді:

1-секция. «Халықаралық АстроХаб»
2-секция. «Білім мен ғылымдағы ғарыштық технологиялардың рөлі»
3-секция. «Спутниктік IoT және навигациялық технологиялар»
4-секция. «Қазақстанда халықаралық ғарыш айлағын құру: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа орбитасы» – серіктестерге ашық халықаралық кооперация
5-секция. «Ғарыштық деректер – жаңа ресурс: спутниктік ақпаратты стратегиялық активке айналдыру»

Сонымен қатар, 8 қыркүйекте келесі воркшоптар өткізіледі:
• UN-Spider аймақтық воркшопы
• «KazSat» КСС радиожиілік ресурсын тиімді пайдалану
• «Ғарыштық жағдай туралы халықаралық ынтымақтастық»
• Дөңгелек үстел: «Ғарыш саласына инвестиция тарту»
• «Салалық міндеттерді шешуге Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану»
• «Ғарыштық ауа райы және оның жерүсті мен ғарыш инфрақұрылымына әсері»
• Geodetic space weather
• OTS-SAT техникалық сессиясы

Университеттерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын, халықаралық ұйымдар мен өндірістік әріптестерді форум жұмысына белсенді қатысуға, ғарыш пен тұрақты дамудың болашағын бірге қалыптастыруға шақырамыз.

«Space Days Kazakhstan 2025» форумы – бұл ғарыш туралы диалог, ол дәл осы жерден, дәл қазір басталады.

Регистрация и подробная информация по ссылке - https://sdk2025.gharysh.kz/

 

Құрметпен,
Форум ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форумды ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасы.

Байланыс телефоны: 8 778 419 76 54

Электрондық пошта: kairanbayeva.gaukhar@gmail.com