Ән арқылы тілді үйрену: Тірі эмоциялар мен терең әсер
28 шілде, 2025

Тілді тек ереже, грамматика, жаттау деп қабылдайтындар үшін бұл курс ерекше тосын сый. «Білім керуені» жобасының аясында өтетін қазақ және ағылшын тілі сабақтарында музыка тіл үйренудің кілтіне айналды.
Мұғалімдер әр сабақта белгілі, жүрекке жақын әндерді таңдайды. Тыңдаушылармен бірге мәтінді талдап, мағынасын ашып, сөз тіркестерін жаттайды, тіпті бірге ән салады. Бұл — тек тіл емес, сезімді де жеткізудің, тілдің «жанды» тұсын түсінудің тәсілі.
Музыка арқылы:
-
сөйлеу мәнері мен ырғақ дамиды,
-
сөздер ойда жеңіл сақталады,
-
тыңдаушылар еркін ашыла бастайды.
Кешкі сабақтарда, күннің қызуы қайтқан мезетте, мұндай формат ерекше әсер қалдырады. Сабақ емес, мәдени кеш іспеттес. Ал тіл үйрену — шынайы шабыт көзіне айналады.
Басқа жаңалықтар

28 шілде, 2025

25 шілде, 2025