Тіл – түркі халықтарының ортақ мұрасыFarabi University

Тіл – түркі халықтарының ортақ мұрасы

4 тамыз, 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мерейтойына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фило­логия факульте­тін­де өткен «Қазақстан – алтын ұя» атты іс-шараның мәні зор. Бұл шара елімізде өмір сүріп жатқан түркі халықтарының өкілдері мен жастарды біріктіріп, өзара мәдени байланыс орнатуға, ұлттар ара­сын­дағы татулықты арттыруға үлкен үлес қосты. Іс-шараға Шымкент қаласы мен Сайрам өңірінің Өзбек мәдени орталық­та­ры­ның өкілдері мен ақын­дары арнайы шақы­рыл­ды. Бұл кездесуде тек студенттер мен қонақ­тар арасындағы пікір алмасу ғана емес, сондай-ақ түрлі ұлттар мен мәдениеттер арасындағы ынтымақ­тас­тықты нығайтуға бағытталған маңызды диалог құрылды.

Қазіргі Қазақстан – көп­ұлт­ты мемлекет. Елімізде өмір сү­ре­тін халықтардың өзара тү­сі­ністік, құрмет және ынты­мақтастықта ғұмыр кешуі елі­міздің басты жетістіктерінің бі­рі. Қазақстан халқы Ассам­блея­сы ел мен жерде бірлікті сақ­тап, тіл мен ділді дамытуда ерек­ше рөл атқарады. Ас­сам­­блеяның 30 жылдық та­рихы тек саяси және әлеу­меттік тұрақ­ты­лықты емес, сондай-ақ эт­нос­тар мен мә­дениеттер ара­сындағы үйле­сім­ділікті қам­тамасыз ететін ерекше институтқа айналды. Бұл ұйым әрбір азаматтың мә­дени ерекшеліктерін құр­мет­тей отырып, елімізде мем­ле­кеттік тілдің нығаюына, өзге ұлт­тардың қазақ тілін үй­ре­нуіне көп ықпал етті. Өзбек мәдени орталығының өкілдері мен ақындарының ҚазҰУ-да өткізген кездесуі осы бірлікті нығайтуға қосылған маңызды қадамдардың бірі.

Кездесуге қатысқан сту­дент­тер үшін бұл шара өзбек мәдениеті мен әдебиеті жайлы жаңа ой мен терең білімге жол ашты. Түркітану маманды­ғы­ның студенттері үшін бұл кез­де­судің маңызы өте зор. Олар өзбек ақындары мен жазу­шы­ларымен тікелей байланыс жа­сап, сұрақтар қойып, өз ой­ла­рын білдіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл диалогтың басты ерекшелігі – жастар арасында мә­дениетаралық байланыс ор­нату, олардың өзара түсіністігін арт­тыру. Өзбек әдебиеті мен тілінің студенттер арасында кеңінен танылуы, сонымен қа­тар өзбек ақындары мен жазу­шы­ларынан туған шығар­ма­шылық туындыларды тыңдауы қазақ жастарына терең ой салып, олардың дүниетанымын кеңейтті.

Қазақстанның білім беру жүйе­­сінде түркітану сала­сы­ның маңызы зор. Бұл бағытта білім алушы жастардың білім қоры мен мәдениетаралық ком­муникациясы үнемі кеңею­де. ҚазҰУ-дың филология фа­культетінде осы бағытта білім алып жатқан студенттер үшін әлемдік мәдениетпен танысу, әртүрлі халықтардың әдебиеті мен тіліне қатысты терең білім алу мүмкіндіктері мол. Өзбек тілі де түркі тілдері қатарында оқытылатын тілдердің бірі бо­лып табылады. Өзбек тілі мен әдебиеті – тек өзбек халқының мә­дени мұрасы ғана емес, со­нымен қатар қазақ халқының тілі, мәдениеті мен тарихымен тығыз байланыста тұрған құн­ды қазына.

Түркі халықтарының ортақ мұраларын, әдебиетін, тілін сақ­­тап, оны жастар арасында кеңінен насихаттау – маңызды міндет. Әсіресе түркітану ма­ман­дығының студенттері үшін бұл тақырып ерекше қы­зы­ғу­шылық тудырады. Түркі ха­лық­тарының ортақ шығармашылық дәс­түрлерін зерттеу арқылы олар мәдениеттер мен тілдер­дің байланысын түсінеді, сон­дай-ақ мәдени әртүрлілікті құр­меттеу мен бағалау дағ­ды­ларын қалыптастырады. Қа­зақ­станның әрбір аймағында, оның ішінде Өзбекстанмен ше­ка­ралас аймақтарда өмір сү­ре­тін қазақ және өзбек ха­лық­тары мәдениетінің араласуы мен өзара ықпалдастығының ар­қасында бұл саланың ма­ңызы артты.

Кездесу барысында өзбек ақын­дары өз шығармаларын оқыды. Студенттермен жанды байланыс орнатып, жастардың өнер мен әдебиетке деген қы­зығушылығын оятты. Өзбек ақындарының өлеңдері мен жазушылардың шығармалары арқылы студенттер өзбек хал­қы­ның ұлттық болмысын, олар­дың тарихы мен мәдениетін те­реңірек түсініп, құрметпен қарауға үйренді.

ҚазҰУ-дағы бұл кездесу жас­тардың тек білім мен ғы­лымға ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынасқа, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрмет­теу­ге деген қызығушылығын арт­тырды. Әлемнің түрлі ай­мақ­тарынан келген студенттердің университет қабырғасында бір шаңырақ астында білім алу мүмкіндігі – үлкен мүмкін­дік­тердің бірі. ҚазҰУ өз сту­дент­теріне тек академиялық білім беріп қана қоймай, оларды бір­тұтас ұлттар мен мәдениеттер ара­сындағы қарым-қа­ты­нас­тар­ға бейімдеп, болашақта бұл құн­дылықтарды сақтауға ба­ғыт­талған білім мен тәрбие береді.

Қорыта айтқанда, Қазақ­стан халқының бірлігі мен Ас­самблеяның 30 жылдығын атап өту, түркі халықтары ара­сын­дағы тіл мен мәдени бай­ла­ныс­ты нығайту шаралары елі­міздің болашағы үшін аса ма­ңызды. Бұл кездесулер мен іс-шаралар жастарға терең біліммен қатар, өзге халық­тар­дың мәдениеті мен тілін құр­мет­теуді үйретеді. Түркітану мамандығының студенттері үшін бұл іс-шаралар тек білім алу ғана емес, сонымен қатар еліміздің әртүрлі мәдениеттері мен халықтарының бірлігін түсінуге мүмкіндік береді.

Қанат ӘШІРҚҰЛОВ,

Гүлжазира ҚАНАШАЕВА,

Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары