ҚАЗҰУ-ДА ҚЫТАЙ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БАСПА ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫFarabi University

ҚАЗҰУ-ДА ҚЫТАЙ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БАСПА ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

5 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сиань Цзяотун университетінің баспасы бірлескен Қытай-Орталық Азия баспа орталығын құру туралы келісімге келді.

Аталған келісімге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев және Сиань университетінің баспа директоры Цзяотун Ди Чжунның кездесуі барысында қол қойылды. 

Іс-шараға ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Сиань Цзяотун университеті баспасының директоры Ли Чжун, Сиань университеті баспасының бас редакторы Цзяотун Чэнь Ли, дизайнер Бай Пэн және редактор Айнұр Сартова қатысты. Бұл іс-шара мәдениет, білім беру және баспа саласындағы қос білім ордасының интеллектуалды және ресурстық мүмкіндіктерін біріктірудегі маңызды қадам болмақ.

Келісімге сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаты «Қытай – Орталық Азия» бірінші саммиті шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды бірлесіп іске асыру. Қытай-Орталық Азия баспа орталығы бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады. Оның ішінде: мәдени және білім беру ынтымақтастығы, кітап шығару, цифрлық мәдени контент және кәсіби дизайн саласында қызмет көрсету және басқалар. Келісім шарттары бойынша орталық коммерциялық қызметті қамтамасыз етеді және толық коммерцияландыру қағидаттарында басқарылатын болады.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық екі ел арасындағы мәдени алмасу мен білім беру өзара іс-қимылы үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенім білдірді. Құрылған орталық Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты тереңдетуге ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыру платформасына айналады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі