Зулпыхаров Канат Базарбаевич

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07304 – Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Зулпыхаров Канат Базарбаевичтің «Жерді арақашықтықтан зерделеу мәліметтері негізінде, Түркістан облысы суармалы жерлеріндегі деградациялық үрдістердің жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі - қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Жилдикбаева Айжан Наскеновна – PhD, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Мамандығы: «6D090300 – Жерге орналастыру» (Алматы қ., Қазақстан)
- Анарбаев Ермек Ахметович – PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Чирчик қаласындағы филиалының ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі директор орынбасары. Мамандығы: «6D090700 – Кадастр» (Чирчик қ., Өзбекстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Токбергенова Айгул Абдугаппаровна - география ғылымдарының кандидаты, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан);
2. Джеффри Хенебри - PhD, Мичиган штаты университетінің профессоры (АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Тогузова Маржан Мельсовна – PhD, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Өскемен қ., Қазақстан)
- Айтқожаева Гүлсім Сұлтанқызы – PhD, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан)
- Дуулатов Элдияр Сапарбекович – PhD, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М. Адышев атындағы Геология институтының аға ғылыми қызметкері (Бішкек қ., Қырғызстан)
Қорғау 2025 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503-География», «8D05202 (6D060900) – География»; «8D05207 (6D060800) – Экология» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/81943558228?pwd=lWukFCXDKN06XC7E6IVNgCN5tHxM2L.1
Конференция идентификаторы:819 4355 8228
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


