Цинхуа университетімен ғылыми байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Цинхуа университетінің «Жаһандық дамудағы жастар» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тәжірибе тобының өкілдерімен кездесу өтті.
Қонақтарды университеттің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов Farabi HUB алаңында қарсы алды. Оларға университет кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Меймандар робототехника зертханасы, жерді қашықтан зондтау және суперкомпьютер орталықтарында болып, ғылыми жобалармен танысты. Сондай-ақ университет мұражайын аралап, оқу орнының терең тарихына қанықты.
Ресми кездесу барысында екі жоғары оқу орнының өкілдері ғылым, технология және индустриялық әріптестік салаларындағы ықпалдастықтың мүмкіндіктерін талқылап, пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар инновациялық және индустриялық әлеуетті дамыту бағытында бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

