АТЫРАУДА «ӘЛ-ФАРАБИ ЭКОУНИВЕРСИТЕТІ – 2025» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫFarabi University

АТЫРАУДА «ӘЛ-ФАРАБИ ЭКОУНИВЕРСИТЕТІ – 2025» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

13 тамыз, 2025

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті  базасында «Әл-Фараби Экоуниверситеті – 2025» жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл шара «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» мегажобасы аясында ұйымдастырылуда.

Utebayev University ректоры Гүлзада Шакуликова мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Маргулан Ибраимов құттықтау сөз сөйлеп, жазғы мектептің миссиясы дәстүрлі білім беру форматтарынан тыс екенін атап өтті.   Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным» тақырыбына арналған жазғы мектеп ғылыми диалог, академиялық алмасу және жобалық кооперация алаңы ретінде ойластырылған. Бұл – бағдарламаның пәнаралық сипатын және тәжірибені шыңдайға бағытталғанын көрсетеді.

Жазғы мектеп бағдарламасының өзектілігі климаттың өзгеруімен, жер деградациясымен, топырақтың, судың және атмосфераның ластануымен, сондай-ақ экологиялық тәуекелдердің артуымен айқындалады. Атырау – табиғат, өнеркәсіп және қоғамның қарқынды әрекеттесетін аймағы ретінде мектептің қолданбалы бағытта оқытылуын айқындайды.
          Бағдарлама 20 тамызға дейін жалғасып, дәрістерді, далалық сабақтарды және жобалық сессияларды қамтиды. Ерекше назар ГАЖ және қашықтан зондтау технологияларын қолдануға, қауіп аймақтарын кеңістіктік модельдеуге, сондай-ақ (кен орындарының маңында да) орнықты ландшафтарды жобалауға аударылады. Студенттер нақты экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған жобалық тапсырмаларды орындайды; сонымен бірге мәдени-спорттық іс-шаралар да қарастырылған.

Мектеп мазмұны БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үйлестірілген, оның ішінде ТДМ 4, 6, 7, 10, 13, 14, 15 және 17 - сапалы білім мен таза судан бастап экожүйелерді қорғау және серіктестікті нығайтуға дейінгі мәселелерді қамтиды.

Бірінші күннің маңызды қорытындысы – университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл құжат экология және тұрақты даму саласындағы бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарларын бекітті.

Жазғы мектеп бағдарламасы аясында, 12 тамызда, Каспий теңізінің халықаралық күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, география ғылымдарының докторы Әлия Ақтымбаева «Тұрақты даму: тұжырымдама және мысалдар» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында табиғи ресурстарды басқаруда тұрақтылық қағидаттарын енгізуге бағытталған халықаралық тәсілдер мен қазақстандық тәжірибелер ұсынылды.

Жазғы мектеп 20 тамызға дейін жалғасады. Қорытындысында қатысушылар жобалық жұмыстардың нәтижелерін ұсынады, ал ұйымдастырушы университеттер экология және тұрақты даму саласында одан арғы ғылыми және қолданбалы ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі