ҚАЗҰУ «БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ» ЖАҢА БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Innoforce холдингі бірлесіп «Бағдарламалық инженерия» бағыты бойынша жаңа инновациялық бакалавриат бағдарламасын іске қосады.
Бағдарлама тек теориялық білім берумен шектелмей, сонымен қатар практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, бұл түлектерге еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Үш жылдық оқу құрылымы академиялық дайындық пен практикалық жобаларды ұштастырады:
Бірінші жыл – бағдарламалау, алгоритмдер, деректер базасы және жүйелік талдау бойынша берік академиялық негіз қаланады.
Екінші жыл – нақты жобаларға қатысу және индустриялық серіктестермен жұмыс істеу арқылы тәжірибелік дайындыққа басымдық беріледі.
Үшінші жыл – студенттер мамандық бағытын таңдап, практикалық кейстер негізінде бітіру жобасын орындайды.
Студенттер кәсіби дамудың үш траекториясының бірін таңдай алады:
Геоинформатика – бағдарламалық инженерия әдістерін кеңістіктік деректер мен геоаналитика саласында қолдану;
Қаржылық аналитика – қаржы-экономикалық саладағы цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
Бағдарламалық жасақтама әзірлеу – заманауи IT-өнімдер мен сервистерді жасау және қолдау.
Бағдарлама бағдарламалық инженерлерді даярлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған және цифрлық экономика мен жаһандық бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге дайын мамандарды қалыптастыруды көздейді.
Қосымша ақпарат үшін:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби даңғылы, 71/23
Ақпараттық технологиялар факультеті, 226 кабинет
Телефон: +7 (727) 2211577, +77759295274
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

