Механика және роботтандыру бойынша практикалық семинар-тренинг өттіFarabi University

Механика және роботтандыру бойынша практикалық семинар-тренинг өтті

19 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім керуені» жобасы аясында кезекті практикалық семинар-тренинг өткізілді. Бұл жолғы тақырып — механика және роботтандыру.

Семинар барысында тыңдаушыларға механиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтары түсіндіріліп, роботтандыру саласында қолданылатын заманауи технологиялар таныстырылды. Әсіресе, инженерлік ойлау жүйесін дамытуға арналған практикалық тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды.

Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, қарапайым робот үлгілерін құрастыру, бағдарламалық басқару жүйесін енгізу және техникалық мәселелерді шешу бойынша тәжірибелік жұмыстар жасады. Мұндай әдіс тыңдаушылардың теориялық білімін бекітуге ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді.

Семинардың негізгі мақсаты — жастарды жаңа технологияларға бейімдеу, болашақ инженерлер мен ІТ-мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

«Білім керуені» жобасы аясында өткізілген бұл шара тыңдаушыларға үлкен серпін беріп, механика мен роботтандыру саласына деген қызығушылықтарын арттырды.