Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде курстар жалғасуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрлі бағыттар бойынша курстар өз жалғасын табуда. Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен өткізілетін бұл бағдарламалар тыңдаушыларға теориялық білім берумен қатар, практикалық тәжірибелер арқылы дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік жасауда.
Қазіргі таңда қазақ және ағылшын тілдерін үйретуге, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық инженерияны дамытуға, механика және роботтандыру салаларын қамтитын практикалық семинарлар жүргізілуде. Тыңдаушылар сабақ барысында топтық жұмыстарға қатысып, ой бөлісіп, кәсіби тәжірибе алмасу арқылы өз әлеуетін арттыруда.
Курстардың басты мақсаты – заманауи талаптарға сай мамандарды дайындау, жаңа технологиялар мен әдістемелерді тәжірибеге енгізу. Қатысушылардың айтуынша, мұндай сабақтар кәсіби тұрғыда ғана емес, жеке дамуға да ықпал етіп отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырып отырған бұл бағдарламалар елімізде білім беру сапасын арттыруға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға бағытталған.