СИНГАПУР МЕН ҮНДІСТАН СПИКЕРЛЕРІ ДӘРІС ӨТКІЗЕДІ

2025 жылғы 2 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Халықаралық Фараби Бизнес мектебі Сингапур мен Үндістаннан келген халықаралық сарапшылардың қатысуымен TEDx форматындағы қонақ дәрістерін өткізеді.
Көшбасшылық, брендинг, маркетинг және трансформациялық ойлау тақырыптарын қамтитын дәрістер Әл-Фараби кітапханасының Мәжіліс залында 08:30 – 11:00 аралығында өтеді.
Дәрістің спикерлері мен тақырыптары:
Эни Фэй — «Жасанды интеллект дәуіріндегі оянған көшбасшылық»
Вун Чет Чун — «Sansi жүйесі және MECE тәсілі»
Юджин Сиа — «Антикүйзеліс: қиындықты өсуге айналдыру»
Аделин Тиан — «RAW-фреймворк және психологиялық қауіпсіздік»
Д-р Алка Чадха — «Судың даналығы» және өзгерістерді басқару»
Бригадир Сушил Басин — «Уақытты басқарудағы әскери әдістер»
Тіркелу міндетті:
Байланыс номері: Ж.Айжан – 8 747 609 35 22
Қатысу тегін, дәрістер ағылшын тілінде өткізіледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

