ҚАЗҰУ – ОТАНДЫҚ AITU ПЛАТФОРМАСЫНА ҚОСЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті отандық AITU платформасында өз арнасын іске қосты. Бұл – университеттің цифрлық кеңістіктегі жаңа қадамы.
«FARABI UNIVERSITY» арнасы – ҚазҰУ-дың AITU платформасындағы ресми парақшасы. Мұнда университет жаңалықтары, ғылыми жетістіктер, стартаптар, форумдар, студенттік өмір және қызықты жобалармен таныса аласыз. Сонымен қатар хабарландырулар және маңызды жедел ақпараттар да жарияланып отырады.
AITU – қазақстандық IT мамандары әзірлеген, қауіпсіздік пен ыңғайлылықты ұсынатын ұлттық алғашқы мессенджер. Деректер Қазақстан серверлерінде сақталады және бұл қауіпсіздік деңгейін арттырады. Мессенджер жеке хабарлама алмасумен қатар қауымдастықтар, жаңалықтар арнасы, бейнеқоңыраулар және чат-боттар сияқты функцияларды қамтиды.
Бұдан бөлек, білім орындары мен ұйымдар үшін оқу үдерісін тиімді басқару, ішкі коммуникацияны жақсарту және қауіпсіз ақпарат алмасу мүмкіндіктерін ұсынып отыр.
ҚазҰУ цифрлық трансформацияны қолдап, оқу үдерісін оңтайландыруды және тиімді экожүйе қалыптастыруды көздейді.
Отандық, қауіпсіз әрі ыңғайлы байланыс алаңында ҚазҰУ-мен бір болыңыз.
AITU қосымшасын жүктеп, «FARABI UNIVERSITY» арнасына жазылыңыз! https://i2.app.link/pYiKkPdM8Vb
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

