ICESCO-ның төртінші Халықаралық CanSat үлгілік спутнигін жасау бойынша оқу шеберханасы және аэроғарыштық симпозиумыFarabi University

ICESCO-ның төртінші Халықаралық CanSat үлгілік спутнигін жасау бойынша оқу шеберханасы және аэроғарыштық симпозиумы

2 қыркүйек, 2025

ICESCO-ның төртінші Халықаралық CanSat үлгілік спутнигін жасау бойынша оқу шеберханасы және аэроғарыштық симпозиумы

Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымымен (ICESCO) бірлесе отырып, студенттерді, жас зерттеушілерді, оқытушыларды және инженерия мен технология саласындағы мамандарды 2025 жылдың 6–11 қыркүйегі аралығында өтетін төртінші Халықаралық CanSat үлгілік спутнигін жасау бойынша оқу шеберханасы және аэроғарыштық симпозиумына қатысуға шақырады.

Бұл бағдарлама ICESCO мүше мемлекеттері арасында STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттырумен қатар, ғарыштық технологиялар саласындағы ғылыми және техникалық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Шеберхана барысында қатысушылар CanSat оқу спутниктерін – дрон (200 м дейін) немесе зымыран (700 м дейін) арқылы ұшырылатын шағын спутниктерді жобалау, жинау және ұшыру бойынша практикалық оқудан өтеді.

 Іс-шараның мақсаттары:

  • Ғарыштық технологиялар мен спутниктік жүйелердің маңыздылығы туралы ақпараттандыру
  • CanSat жобалау, бағдарламалау және сынау бойынша практикалық дағдыларды дамыту
  • Аэроғарыштық инженерия саласындағы жас мамандардың халықаралық қауымдастығын қалыптастыру
  • Ғылыми зерттеулерге, инновацияларға және ғарыш саласындағы мансапқа қызығушылықты арттыру
  • Ғылыми-техникалық прогресті ілгерілету үшін академиялық қауымдастық пен өнеркәсіп арасындағы әріптестікті нығайту

 Бағдарламаның негізгі бағыттары:

  • Аэроғарыштық инженерия негіздері
  • ESP32 микроконтроллерлері, сенсорлар, GPS және камералармен жұмыс
  • CanSat-ты жобалау, бағдарламалау және тестілеу
  • Жердегі басқару станцияларын жасау
  • Ұшыруға дайындық және деректерді талдау

Бағдарламаға қатысу жас мамандарға кәсіби өсудің және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және инженерлік жобаларға белсенді қатысудың мықты негізін қалайды.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/23, 324-аудитория
Байланыс: kairanbayeva.gaukhar@gmail.com