- Басты бет
- Ғылым
- Space Days Kazakhstan 2025 аясында ғарыш саласының мамандарын іріктеу мақсатында бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылады
Space Days Kazakhstan 2025 аясында ғарыш саласының мамандарын іріктеу мақсатында бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылады

Space Days Kazakhstan 2025 аясында ғарыш саласының мамандарын іріктеу мақсатында бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылады
Күні: 8 қыркүйек 2025 жыл
Уақыты: 11:00 – 12:30
Өтетін орны: №308 конференц зал,ҚазҰУ кітапханасы
Space Days Kazakhstan 2025 аясында студенттерге, жас мамандарға және форум қатысушыларына арналған бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылады. Бұл – Қазақстанның жетекші ғарыш ұйымдарының өкілдерімен тікелей танысуға, болашақ мансап мүмкіндіктері мен сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алуға таптырмас мүмкіндік.
Жәрмеңкеге келесі ірі салалық ұйымдар қатысады:
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ
«Бәйтерек» БК» АҚ
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ
В.Г. Фесенков астрофизика институты
Ионосфера институты
«Ghalam» ЖШС
сондай-ақ басқа да мамандандырылған кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар.
Жәрмеңкенің негізгі бағыттары:
ғарыштық техника және технологиялар, аэроғарыштық инженерия, информатика және есептеуіш техника, автоматтандыру және басқару, Жерді қашықтықтан зондтау, геодезия және картография, радиоэлектроника және телекоммуникациялар, бағдарламалық жасақтама, математикалық және компьютерлік модельдеу, жерге орналастыру және кадастр, гидрология және гуманитарлық ғылымдар, жобаларды басқару, халықаралық қатынастар.
Барлық қызығушылық танытқан студенттер мен форум қатысушыларын шақырамыз! Бұл жетекші жұмыс берушілермен кездесуге, ғарыш саласының дамуы туралы ақпарат алуға және табысты мансап құруға алғашқы қадам жасауға тамаша мүмкіндік.
Басқа жаңалықтар


