2025–2026 оқу жылына арналған педагогтардың біліктілігін арттыру курстарына шақырамызFarabi University

2025–2026 оқу жылына арналған педагогтардың біліктілігін арттыру курстарына шақырамыз

28 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты жалпы білім беретін мектептер мен ТжКБ ұйымдарының педагогтарына арналған 80 / 108 / 144 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курстарына қабылдау жүргізіп жатыр.

Курстар заманауи әдістемелерге сүйене отырып, жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша өткізіледі. Бағдарламалар педагогтардың кәсіби дамуына, инновациялық әдістерді меңгеруіне және пәндік құзыреттілігін арттыруға бағытталған.