Цифрлық сауаттылық курсы басталдыFarabi University

Цифрлық сауаттылық курсы басталды

4 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында аға буынға арналған «Цифрлық сауаттылық» курсы өз жұмысын бастады.

Байланыс үшін: +7 707 250 9679 (Шыңғыс, Біліктілікті арттыру институтының бас маманы)

2025 жылғы 3 қыркүйекте алғашқы сабақ өтті. Тыңдаушылар «Кіріспе. Компьютерлік сауаттылық негіздері» тақырыбын оқып, компьютер құрылғыларының негізгі мүмкіндіктерімен танысты. Қатысушылар белсенділік танытып, көптеген сұрақтар қойды. Сабақ танысу форматында өтіп, кіріспе дәріс ретінде аға буынның қызығушылығын арттырды.

Алдағы сабақтар әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 11:00–12:00 аралығында ҚазҰУ Технопаркі, бірінші қабат, 217-аудиторияда өтеді.