Студенттер үйлеріне студенттерді қабылдауFarabi University

Студенттер үйлеріне студенттерді қабылдау

25 тамыз, 2025

     Студенттер үйлеріне орналастыру – студенттің оқу өміріндегі маңызды кезең. Қазақ ұлттық университеті бұл процесті әділ, ашық және тиімді ұйымдастыруға ұмтылады. Студенттер үйлерінде тұрмысы жайлы әрі қауіпсіз болуы – білім беру сапасының маңызды кепілі. Студенттер үйлеріне орналастыру жыл сайын оқу жылының алдында жүзеге асырылады. Орналастыруға үміткер студенттер алдымен тиісті құжаттарын жинап, өтініш береді. Арнайы комиссия студенттердің өтініштерін қарап, жатақхана орындарын бөледі. Студенттер үйлеріне орналасу үшін барлық талапкерлер арнайы тіркеуден өтіп, қажетті құжаттарын тапсыруы қажет. Орналастыру ережелеріне сәйкес, жатақхана орындары бірінші курс студенттері мен әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге басым беріледі. Орналастыру процесі барысында студенттерге тазалық пен тәртіпті сақтауды ескертеміз.