Археология және психология курстары: ғылым мен тәжірибені ұштастыру
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде археология және психология бағыттары бойынша арнайы біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр. Бұл бағдарламалар тыңдаушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, тәжірибеде қолдану мүмкіндігін де ұсынып отыр.
Археология курстары көне дәуірлерден қалған артефактілермен жұмыс жасауды, олардың құрылымын талдауды және ғылыми сипаттама беруді қамтиды. Тыңдаушылар қолдарына нақты жәдігерлерді ұстап, оларды зерттеу барысында археологиялық әдістерді тәжірибеде қолдануда. Мұндай сабақтар болашақ ғалымдарға кәсіби дағдылар қалыптастыруға көмектесіп, тарихқа деген қызығушылықты арттырады.
Психология курстары болса, адамның мінез-құлқы мен ойлау ерекшеліктерін түсінуге бағытталған. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, тренингтер арқылы қазіргі психология ғылымында қолданылатын жаңа әдістемелерді меңгеруде. Сабақтарда топтық талқылаулар, рөлдік ойындар және нақты жағдайларды талдау секілді тәсілдер қолданылады. Бұл тыңдаушыларға тек кәсіби емес, сонымен қатар тұлғалық даму тұрғысынан да пайдалы тәжірибе береді.
Курстардың басты мақсаты – заманауи ғылымның жаңа жетістіктерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандарды дайындау.
Басқа жаңалықтар

