ҚазҰУ мен EpicQuest Education ынтымақтастығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытайдың EpicQuest Education Group International LTD халықаралық білім беру компаниясының делегациясымен кездесу өтті.
Кездесуді ашқан Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов қонақтарды университет жетістіктерімен таныстырып, ҚазҰУ мен Қытай университеттері арасындағы серіктестіктің нәтижелеріне тоқталды.
2022-23 оқу жылында ҚазҰУ бойынша 64 оқытушы, 6 докторант, 2 магистрант және 6 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасымен ҚХР-ға жіберілген. Қазіргі таңда университетте Қытайдан келген 1450 студент білім алуда.
Басқосуда EpicQuest Education Group International LTD төрағасы Цзяньбо Чжан өз кезегінде алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылап, аталған халықаралық білім беру компаниясы АҚШ, Канада және Ұлыбритания т.б. елдерде жоғары білім алуды қалайтын студенттерге кешенді шешімдер ұсынатынын айтты.
Компания оқу орындарын басқарады және студенттерді шетелде оқуға дайындауға бағытталған халықаралық бағдарламаларды дамытады.
Шара барысында қос тарап білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту бағыттарын талқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


