15 қыркүйектен жаңа курстар басталадыFarabi University

15 қыркүйектен жаңа курстар басталады

12 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты кәсіби даму мен жаңа білім алуға бағытталған курстар топтамасын іске қосады. Жаңа бағдарлама тыңдаушыларға әртүрлі сала бойынша өз құзыреттіліктерін арттыруға және заманауи талаптарға сай дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Курстар мынадай бағыттарды қамтиды:

  • ✔️ Журналистика – медиа талдау, шығармашылық жазу және мультимедиа журналистикасы;

  • ✔️ Архитектура – жобалау, құрылыс технологиялары және заманауи дизайн;

  • ✔️ Электротехника – электр тізбектері мен қолданбалы физика негіздері;

  • ✔️ Өнер – бейнелеу өнері, сахналық мәдениет және шығармашылық бағыттағы тәжірибелер;

  • ✔️ Химия және коллоидтық пәндер – зертханалық тәжірибелер және қолданбалы химия;

  • ✔️ Қолданбалы математика және информатика – бағдарламалау, модельдеу және ІТ шешімдер;

  • ✔️ Саясаттану – саяси үрдістер мен рухани құндылықтар негіздері;

  • ✔️ Құқық («Азаматтық және іскерлік құқық») – заңнамалық негіздер мен құқықтық мәдениет;

  • ✔️ Археология – қазба жұмыстарының әдістемесі және тарихи жәдігерлерді талдау.

Барлық сабақтар теория мен практиканы ұштастыра отырып, кәсіби дамуға нақты серпін береді.