«Салауатты ұрпақ — қауіпсіз орта» тақырыбындағы форум Сәтбаев университетінде психолог мамандарды біріктірді.Farabi University

«Салауатты ұрпақ — қауіпсіз орта» тақырыбындағы форум Сәтбаев университетінде психолог мамандарды біріктірді.

29 тамыз, 2025

Сәтбаев университетінде «Салауатты ұрпақ — қауіпсіз орта» тақырыбында форум өтті. Іс-шара психологтар мен білім беру саласының мамандарын біріктірді.
Форумға қаланың жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінен келген тәжірибелі психолог мамандар қатысып, жастардың психологиялық әл-ауқатына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Форум спикерлерінің бірі — Satbayev University-дің психологы Айгерім Маратовна Сүлейменова «Стрессті қалай жеңуге болады?» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде студенттер жиі ұшырасатын академиялық және әлеуметтік жүктемелер жағдайында өзін қалпына келтіру мен өзін-өзі реттеу бойынша тиімді практикалық тәсілдермен бөлісті.

Satbayev University-дің психологиялық қызметі университет студенттері мен қызметкерлеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп, оқу орнында жайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға және білім алушылар мен оқытушылардың эмоционалдық денсаулығын нығайтуға үлес қосып келеді.

Форум аясында білім беру жүйесіндегі өзекті психологиялық мәселелер қарастырылып, жасөспірімдер мен жастардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру жолдары және қауіпсіз, қолдаушы білім беру ортасын құрудағы психолог мамандардың рөлі талқыланды.

Бұл форум — білім беру саласындағы психолог мамандардың студенттерге психологиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибе мен тиімді әдістерімен алмасуына арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.

 

Высшее образование в IT: обзор на Satbayev University - THE TECH