- Басты бет
- Психологиялық қолдау
- Студенттердің мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында психодиагностика жүргізілді
Студенттердің мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында психодиагностика жүргізілді
10 қыркүйек, 2025

10 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Психологиялық қолдау қызметі студенттердің мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында GAD-7 әдістемесі бойынша психодиагностика жүргізді.
Зерттеуге университеттің 2000-нан астам студенті қатысты. Диагностика студенттердің психологиялық жағдайын зерттеуге және олардың эмоциялық күйзеліс деңгейін айқындауға бағытталды.
Тестілеу нәтижелері студенттердің психологиялық қолдауға деген қажеттілігін дер кезінде анықтауға, сондай-ақ олардың психикалық саулығын нығайтуға және студенттік өмір жағдайына сәтті бейімделуіне ықпал ететін алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

10 қыркүйек, 2025