№7 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесуFarabi University

№7 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

16 қыркүйек, 2025

    2025 жылғы 16 қыркүйекте сағат 18:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №7 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста Биология және биотехнология факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әділ Болатұлы аға кураторы Зорбекова Айгерім қатысты.

      Жиналыс барысында студенттер университеттің ішкі тәртібі, Студенттер үйінде тұру ережелері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы толық мәлімет алды. Кездесу барысында студенттердің оқу барысындағы мәселелері мен қоғамдық өмірге белсенді араласу жолдары талқыланып, университеттің ережелері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұл шара жаңа студенттердің университет өміріне тезірек бейімделуіне және өздерін сенімді сезінуіне үлкен септігін тигізді.

    Студенттер сұрақтарын қойып, мамандардың кеңесін тыңдап, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара студенттер арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталды.