№16 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу
2025 жылғы 18 қыркүйекте сағат 18:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №16 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің деканның аға кураторы Кулиев Ильяс Унгарович қатысты.
Жиналыстың басты мақсаты — студенттерді Студенттер үйінде тұру ережелерімен және университеттің Ар-намыс кодексімен таныстыру болды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, университет қалашығы мен оқу корпустары аумағында тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды. Жиналыста студенттердің тәртіпке, жауапкершілікке және ұжымдық ортаға бейімделуі үшін студенттер үйінде белгіленген ережелерді сақтау аса маңызды екенін түсіндірді. Әсіресе бөлмелерді таза ұстау, тыныштық сақтау, қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалану секілді талаптардың орындалуы студенттердің өзіне қолайлы жағдай жасайтынын баса айтылды.
Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Іс-шара өте ашық, достық атмосферада өтті. Студенттер өзара танысып, университет ұжымымен алғашқы ресми қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.



Басқа жаңалықтар