№15 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу
2025 жылғы 18 қыркүйекте сағат 20:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №15 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті.
Жиналыстың басты мақсаты — студенттерді студенттік үйінде ортақ өмір салтына бейімдеу және университеттің ішкі тәртіп ережелерімен жан-жақты таныстыру болды. Шара барысында білім ордасындағы тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын орындау және оқу корпустары мен студенттер үйлерінің аумағындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыста студенттерге студенттер үйіндегі күнделікті өмірдің ерекшеліктерін түсіндіріп, ортақ өмір сүру мәдениетінің маңызды тұстарын атап өтті. Әсіресе тазалық сақтау, тыныштық режимін ұстану, қоғамдық және жеке мүлікке ұқыпты қарау секілді қарапайым қағидаларды сақтау – жайлы әрі тату орта қалыптастырудың негізі екені айтылды.
Жиын барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды. Шара ашық, достық форматта өтіп, қатысушылар еркін пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті.


Басқа жаңалықтар