ҚазҰУ студенті дзюдодан күміс иелендіFarabi University

ҚазҰУ студенті дзюдодан күміс иеленді

22 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің  3-курс студенті Нұрсұлтан Зайзағалиев дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы жарыста 66 келі салмақта күміс медаль жеңіп алды.

Алматы қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына   еліміздің 20 өңірінен 400-ден астам спортшы қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі