ТДМ №11: Таза орта – әркімнің жауапкершілігі: студенттер «Таза Қазақстан» акциясын қолдайдыFarabi University

ТДМ №11: Таза орта – әркімнің жауапкершілігі: студенттер «Таза Қазақстан» акциясын қолдайды

13 қыркүйек, 2025

Оқу ордамыздың студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысып, өздері тұратын жатақханалардың аумағын қоқыстардан тазартты. Бұл шара студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыру және олардың тұрмыстық ортаға деген құрметін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Іс-шара кезінде студенттер жатақханалардың айналасын қоқыстардан, жерге түскен қураған жапырақтардан тазартты. Сенбілікті сапалы әрі қауіпсіз өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтар университет тарапынан толық қамтамасыз етілді, бұл тазалық шараларының жүйелі ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асырылуына мүмкіндік берді.

Жатақхана аумағын ұқыпты және таза ұстау – студенттердің өз ортасына деген құрметінің көрінісі әрі үйлесімді өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, осындай экологиялық іс-шаралар жастардың табиғатты қорғауға деген санасын арттырады және университеттің экологиялық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» – еліміз бойынша табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кең ауқымды экологиялық бастама. Бұл акция аясында түрлі ұйымдар мен білім беру мекемелері экологиялық тазалық жұмыстарына атсалысып, қоғамда экосана мен жауапкершілік қалыптастыруға өз үлесін қосуда.