ТДМ №4: Балмұздақ кеші – жаңа студенттерді қарсы алудың тәтті дәстүріFarabi University

ТДМ №4: Балмұздақ кеші – жаңа студенттерді қарсы алудың тәтті дәстүрі

9 қыркүйек, 2025

Университетіміздің жатақханаларында Жастар ұйымдары комитетінің белсенділерінің бастамасымен дәстүрлі «Балмұздақ кеші» өтті. Бұл іс-шара жаңа оқу жылын қарсы алу және 1-курс студенттерін университет өміріне бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды.

Кеш студенттер үйінің алдында және акт залдарында өткізілді. Шара барысында қатысушыларға түрлі дәмді балмұздақтар ұсынылды, бұл жылы әрі достық атмосфера қалыптастыруға ерекше әсер етті.

«Балмұздақ кешінде» заманауи музыка шырқалып, студенттер арасында көңілді ойындар ұйымдастырылды. Бұл шара жастардың бір-бірімен танысып, жаңа достар табуына және университет өміріне тезірек бейімделуіне үлкен септігін тигізді.

Факультет басшылығы мен ұйымдастырушылар студенттердің белсенді әрі шығармашылық дамуына қолдау көрсетіп, алдағы уақытта осындай әлеуметтік және мәдени шараларды жалғастыру жоспары бар екенін айтты.

«Балмұздақ кеші» – бұл тек тәтті десерттен гөрі, студенттердің әлеуметтік қарым-қатынасы мен бірлігін нығайтуға арналған ерекше шара.