Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің делегациясы ҚазҰУ музейін тамашаладыFarabi University

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің делегациясы ҚазҰУ музейін тамашалады

25 қыркүйек, 2025

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне танысу сапарымен келді. Сапардың мақсаты – қазақ білім және ғылымының тарихы арқылы құқықтық көзқарасты кеңейту мен мәдени-ағартушылық байланыстарды нығайту болды. Делегация мүшелері ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің бай мұрасын көрсететін көрмелермен терең қызығушылықпен танысты. Қонақтардың ерекше назарын университет ғылымының қалыптасу тарихы және ҚазҰУ-дың құқықтық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі тартты. Экскурсия барысында музей қызметкерлері университеттің дамуындағы маңызды кезеңдер, оның көрнекті түлектері мен ғылыми жетістіктері туралы мазмұнды баяндама жүргізді.
Экскурсия соңында тараптар мәдениет, білім және құқықтық ағартушылық қызметінің тоғысында осындай бастамаларды жалғастыру қажеттігіне сенім білдірді.