Славян әліпбиінің суретті басылымының тұсаукесері өттіFarabi University

Славян әліпбиінің суретті басылымының тұсаукесері өтті

24 қыркүйек, 2025

«Өзге халықтың тілін және мәдениетін меңгерген адам онымен тең дәрежеге көтеріледі …»

Абай. Қара сөздер.

2025 жылдың 24 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті жанындағы «Орыс тілі және мәдениеті» орталығында Алматыдағы Ресей үйінің бастамасымен славян әліпбиінің суретті басылымының тұсаукесері өтті.

«Орыс тілі және мәдениеті» орталығына Азбука басылымын табыстау әйгілі «Маша мен аю» мультфильмінің ертегілік кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылым түрінде өтті.

Ресей үйінің қызметкерлері шетелдік студенттерді славян әліпбиінің тарихымен және оның мәдениеттегі ерекше маңызымен таныстырды.

Студенттер Қазақстан халықтарының тілдік алуандығына арналған баяндамалар мен презентациялар дайындап, мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы туралы сөз қозғады.

Жыл сайын дәстүр бойынша Алматыдағы Ресей үйі  Орталыққа кітаптар, оқу құралдарын, сөздіктер сыйға тартты. Бұл орталықтың білім беру және мәдени-ағартушылық қызметін дамытуға қомақты үлес қосады.

Орталық директоры Бегалиева С.