«Студенттер арасындағы аутоагрессия» тақырыбында психологтар мен кураторларға арналған семинар өттіFarabi University

«Студенттер арасындағы аутоагрессия» тақырыбында психологтар мен кураторларға арналған семинар өтті

24 қыркүйек, 2025

Алматы қаласында «Жастар саясаты» бағдарламасы аясында студенттер арасындағы аутоагрессия тақырыбына арналған семинар өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психологтары мен университет кураторлары қатысты.

Семинар студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Қатысушылар аутоагрессиялық мінез-құлықтың себептері мен көрініс түрлерін, оны алдын алудың заманауи тәсілдерін және студенттерге психологиялық көмек көрсету жолдарын талқылады.

Айрықша назар жастармен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістеріне, стресске төзімділік дағдыларын қалыптастыруға, студенттер мен тәлімгерлер арасындағы ашық диалог мәдениетін дамытуға аударылды. Осындай семинарларды өткізу студенттерді психологиялық қолдау жүйесін нығайтып, кураторлардың жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.