- Басты бет
- Психологиялық қолдау
- ТДМ-4: «Психологиялық қолдау қызметі» жатақханаларда бірінші курс студенттерімен әңгімелер циклін өткізді
ТДМ-4: «Психологиялық қолдау қызметі» жатақханаларда бірінші курс студенттерімен әңгімелер циклін өткізді
ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі университет жатақханаларында бірінші курс студенттерімен бейімделу әңгімелерінің циклін өткізді. Бұл кездесулердің басты мақсаты – студенттердің жаңа ортаға үйренісуіне, оқу үдерісіне, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан сәтті бейімделуіне қолдау көрсету.
Әңгімелер барысында мамандар студенттерге стрессті тиімді басқару жолдары, уақытты дұрыс бөлу, оқу мотивациясын арттыру, тұлғааралық қарым-қатынасты нығайту және қиын жағдайларда көмек сұрай білу мәдениеті жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар, бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтарды жеңудің практикалық әдістері талқыланды. Студенттерге университет психологтарының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды. Бұл шара студенттердің кез келген уақытта кәсіби көмекке жүгінуіне жағдай жасайды. Мұндай кездесулер жас буынның психологиялық әл-ауқатын нығайтып қана қоймай, олардың университет өміріне тезірек бейімделуіне, білім алу мен өзін-өзі дамытуға деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, студенттерге университет психологтарының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды. Бұл оларға қажет жағдайда дер кезінде психологқа көмекке жүгінуге мүмкіндік береді.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар