Тазалық – денсаулықтың кепілі!
2025 жылдың 20 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында БҰҰ ТДМ 3 іске асыру және «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту жоспары (2024–2029 жж.) аясында сеңбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Қуаналиева Г.А., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Рашева Г.К., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Есекеева А.А., сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Бакиров Д.А. және студенттік заң клиникасының мүше-студенттері қатысты.
Қатысушылар өздеріне белгіленген аумақты тазалауға белсене қатысып, тазалық және экологияның сақталуының маңыздылығын атап өтті.
Басқа жаңалықтар
