ЖИ бойынша жаңа жобалар ұсыныладыFarabi University

ЖИ бойынша жаңа жобалар ұсынылады

30 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жасанды интеллект бағыты бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді дайындауға қатысты мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің басшылары, ғалым-сарапшылар, жас зерттеушілер қатысты.

Мақсат – гранттық қаржыландыру конкурсына оқу ордасы тарапынан берілетін ғылыми жобалардың маңыздылығын талқылау.

Конкурс 6-қазан күні басталып, қараша айының 6-сы күні аяқталады.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар жасанды интеллект бағыты бойынша жүзеге асырылатын жобаларды таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нәтижесінде ел игілігі үшін қажетті жобалар іріктеліп, білім ордасының ғалымдары гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім береді.

Айта кетейік қазіргі таңда ақпараттық технологиялар факультетінің ғалымдары 20-дан астам гранттық жобаны жүзеге асыруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі