ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 қазан, 2025

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен жас ғалымдары!

Сіздерді 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз бойынша биыл екінші рет аталып өтіп отырған бұл атаулы күн   университеттер мен жоғары білім саласындағы қызметкерлерді ынталандыру мен олардың әлеуетін арттыруда маңызды орын алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында: «Бес жылда білім мен ғылым саласына салынған инвестиция бес есе өсті. Зерттеу университеттері көбеюде, олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді. «Университет – зерттеу – инновация – коммерция» кешенді жүйесі орнығып жатыр. Бұл үдеріске күшті серпін беріп, оны таяу арада толығымен енгізу керек», – деп атап өтті. Осы ауқымды мақсаттарды тиімді іске асыру жолында университетімізде еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорлар, қызметкерлер мен жас ғалымдарға үлкен үміт артамын. Мемлекет басшысы белгілеген әділетті, қуатты, таза әрі қауіпсіз Қазақстанды құру жолында ғылыми қауымдастықтың қосар үлесі зор болмақ. Бұл жолда сіздер нәтижелі еңбек етіп, абыройлы қызмет атқарады деп сенемін.

 Кәсіби мерекелеріңізде сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ